Ақтөбе облысында орын алған автобус апатына қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбе облысында орын алған автобус апатына қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ішкі Істер министрі Ақтөбеде облысында 52 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты жүргізілген тергеу нәтижесімен бөлісті. Тергеу барысында анықталғандай, өзбек мигранттары мінген автобус Шымкент-Самара тас жолының 1068-ші шақырымында бұзылып, тоқтауға мәжбүр болған. «Шұғыл қызметтерге хабар берместен және жолаушылар қауіпсіздігі шарасын ескерместен, автобус жүргізушілері дәнекерлеу шамының көмегімен салонды жылытқан. Сол сәтте аузы ашық тұрған құтыдан абайсызда бензин төгіліп, өрт лап еткен» - деп түсіндірді Қалмұхамбет Қасымов. Автобустың үш жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қазір қамауда отыр. Техникалық талапқа сай емес көліктің алыс жолға шығуының өзі заңсыздық, деді министр. Сондықтан автобустарды тексеру құзырын кеңейтіп, жолаушыларды тасымалдау ережелерін қадағалау құқын Көлік комитеті қызметкерлеріне де тапсыруды ұсынды. Еске салайық, Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиға  18 қаңтарда болды. Ресейге барар жолда жолаушылар автобусынан өрт шығып, 52 жолаушы тірідей жанып кетті.


Новости партнеров