ӘЧ финалының есебін дәл тапқан алматылық әйел байып кетті

ӘЧ финалының есебін дәл тапқан алматылық әйел байып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Елена Рогожина Бішкектен бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Айтуынша, өз өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электрондық құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгеріп шыға келген. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенеліпті.

«Тіпті аздап ішім күйіп кетті, – дейді Елена Рогожина. – «Мен одан кеммін бе?» деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді».

Елена қателеспепті. «Франция мені осылайша байытып жіберді», – дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.


Новости партнеров