Алматыда ыстық су мен жылу бағасының көтерілуіне байланысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда​

 Алматыда ыстық су мен жылу  бағасының көтерілуіне байланысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда​
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін монополияға қарсы комитет алматылықтарға ыстық су мен жылудың неліктен өскенін тәптіштеп түсіндірді. Естеріңізде болса, 1 қаңтардан бастап ол 8,3 пайызға көтерілген болатын. Бұл құбырлардың әбден ескіруі мен жөндеу жұмыстарының бағасы шарықтап кеткенімен тікелей байланысты. Онымен қоса, көгілдір отынның да құны күрт өсіп кеткен еді. Ал әзірге жарық, суық су секілді коммуналдық төлемдер қымбаттамайды деп сендірді мамандар. Өйткені, ешбір мекемеден бағаны көтеруге өтінімдер түспеген.

«Биыл жылу мен ыстық суға қатысты тариф 8,3 пайызға өсті. Оның бірнеше себептері бар. Халық тарифті негізсіз көтереді деп түсінбестік танытады. Біз барлық жақтарын қарастырып болған соң ғана бағаны қымбаттатамыз. Бұл біздің тұрғындармен бірінші де, соңғы да кездесуіміз емес. Алда барлық аудандарда жиналыстар өткіземіз. Тарифтің қалай құрылатынын толық түсіндіріп, пікір алмасамыз», - деді Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Болат СӘМБЕТОВ.


Новости партнеров