Тұрғын үй ауласында тұрақ ақылы болмайды

Тұрғын үй ауласында тұрақ ақылы болмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғын үй ауласында тұрақ ақылы болмайды. Бұл туралы Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов айтты. Басқарма басшысы қазір аула аумағын көріктендіру ережесіне өзгерту енгізу бойынша жұмыс жасалып жатыр, деді. Оның аясында пәтер иелері кооперативіне шлагбаум орнатуға рұқсат етілмек.

«Біздің әкімшілікте аулаға кіру ақысы деген мәселе қаралып жатқан жоқ. Керісінше, біздің қаланың басшылығымен бізге тапсырма берілген. Осы қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына кіруге бір өзінің тәжірибесін жасау, ол аула деген сол ПИК-тің кондоминимумы. Ол жерде ешкім де кіргенге ақша алуға құқысы жоқ», - деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Жаңа ереже осы жылдың екінші тоқсанында әзірленіп бітеді. Атап өтерлігі, Алматыда соңғы екі жылда 700-ден аса аула жөндеуден өткізілді. Биыл тағы 500-і жаңартылмақ. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, жаттығу құрылғылары орнатылады.

Новости партнеров