Алматыда студенттер туризм саласын тегін үйренуде

Алматыда студенттер туризм саласын тегін үйренуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бес жұлдызды қонақ үйлер студенттерді туризм саласына тегін үйретіп жатыр. Өйткені люкс класындағы қымбат отельдерде шетелдік туристерге қызмет көрсете алатын  мамандар тапшы. Табысы мол, сұраныс жоғары болсада бұл салада жұмыс істеуді абырой деп бағалайтын жастар көп емес. Бармен, қонақты күтіп алу, мейрамхана қызметі, ресепшн, ағылшынша еркін сөйлеу сынды барлығы 12 бағытта жоғары деңгейде жұмыс жасай алатын мамандарды табу қиын көрінеді. Бұл тапшылықты  азайту үшін  Алматыдағы 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлердің басшылары студенттерді үйретуге кіріскен.

«Студенттер сол жаққа барып келді. Ары қарай студенттерді осы салада оқыту. Қонақ үй қызмет жүйесінде. Сәуір айында Германияның қолөнер палатасы келеді. Оған жеңіл өнеркәсіп және полиграфия саласында қосамыз», - деді  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы  Толқын ӘБІЛДАЕВА.

Былтыр Германияның Трир қаласында 14 маман тәжірибеден өтіп келген. Олар кері оралып, қызмет көрсету саласында көргендерін осындағы жастарға үйретіп жатыр. Жол шығындарын  шақырушы жақта өз мойындарына алыпты. Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары бұл үрдіс биылда жалғасады деп отыр. Туристер көп келетін Алматыда люкс отельдерде қызмет көрсету саласын жоғары меңгерген  мамандардың  жалақысы  жақсы.

«Дуалдық білім беруде студенттер мамандықтың 40 пайызын оқу орындарында, 60 пайызын іс тәжірибеде жинайды. Мен қонақ үй қызметіндегі жоғары білікті маман болу үшін Трир қаласында оқудан өттік. Германияда үйрендендерімізді осындағы студенттерге оқытып жатырмыз. Олар осында үйрене жүріп, кейін  оқу бітіргенде дайын маман болып шығады. Біз оларды араы қарай  жұмысқа орналастырамыз», - деді қонақ үй қызмет көрсету бөлімінің директоры Татьяна СИМОНЕНКО.


Новости партнеров