Алматыда Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті

Алматыда Мұқағали Мақатаевтың туған күні аталып өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Алматы студенттері мұзбалақ ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, шайырдың өлеңдерін жатқа, тебірене оқыды. Тау баласының туған күнін республикамыздың әр өңірі атап өтуде.

Дәрубай Мамытұлы Мұқағали Мақатаевтың көзін көрген кісі. Қарасазда көрші болдық, дейді. Ақынның өлеңдерін қоғамдық орындарда 2007 жылдан бері оқып келеді. Айтуынша, мұзбалақ ақын түсіне еніп, өлеңдерін оқуды аманат етіпті.

«4 томын алдым. Бұл содан басталды. Бұрынғы бала кезден жаттап өскен өлеңдер бар, кейін жаттай бастадым. Жаттағанда, ерекше маған өзі талант пайда болды. Оқысам болды, жатталып кетеді маған. Солай меңгердім», - деді  Дәрубай МАМЫТҰЛЫ.

Ал шайырдың туған күнінде алматылық студенттер ескерткішке келіп, гүл шоқтарын қоюды әдетке айналдырған. Әрі Мұқағали оқуларынан жарыстар да ұйымдастырылады. Шараға қатысушылардың барлығы поэзия королінің кем дегенде 10 өлеңін жатқа біледі.

Бүгін менің туған күнім ой бәле-ай

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай,- деп жырлап өткен ақынның өлеңдеріне осы күні халықтың махабаты сөнген емес. Мұзбалақтың туған күні республиканың әр өңірінде тойлануда. Мұқағали Мақатаевтың өзі өмірден өткенімен, өлеңдері жас ұрпақтың жүрегінде.

Өмір Әнуарбек, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы 


Новости партнеров