«Оңай» қосымшасы арқылы автобустарды бақылай алатын мүмкіндік туды

«Оңай» қосымшасы арқылы автобустарды бақылай алатын мүмкіндік туды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар қоғамдық көліктердің жүріс-тұрысын «Оңай» қосымшасы арқылы бақылай алады. Жаңадан іске қосылған функцияны пайдалану үшін мобильді қосымшаны жүктеп, оған «оңай» картаңызды тіркесеңіз болғаны. Мәзірден «маршрут» терезесінде діттеген жерді белгілеп, қандай автобус немесе троллейбус баратынын көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ қолданушы қоғамдық көліктердің қайда келе жатқандығынан хабардар болады. Бұған дейін аталмыш қосымшада картадағы балансты толтыру және тексеру, бір картадан екінші картаға ақша аудару және картаны жоғалтып алған жағдайда оны бұғаттау сияқты қызметтер енгізілген болатын. Қазір мобильді қосымшаны 60 мыңға жуық қолданушы жүктеп үлгерсе, 1 жарым миллионнан астам төлем картасы жасап шығарылыпты.

«Біз тұрғындарға барынша ыңғайлылық тудыру үшін түрлі мүмкіндіктерді жасауға тырысамыз. Тек қана транспорт емес, «Оңай» картасы арқылы басқа да төлемдер жасауды қарастырып жатырмыз. Мәселен, «Медеу», «Зообақ» сияқты жерлерге кіру үшін де қызметті пайдалануға болады», - деді «ОҢАЙ РАУ» ЖШС директоры Александр ЗАЙКИН. 

Айта кетерлігі, 2017 жылы "Оңайдан" түскен табыс көлемі артқан. Төлем жүйесінен жиылған қаржы көлемі 14 миллард теңгені құрап отыр. Ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш 10 миллардқа жетер-жетпес мөлшерде болыпты. Мұндай өсімді қалалық транспорт холдингінің өкілдері өткен жылы жазда енгізілген жаңа жүйелік  тарифпен байланыстырды. 

Новости партнеров