Алматыда Алаш Орданың 100 жылдығына арналған концерт өтпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Алаш Орданың 100 жылдығына орай «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылмақ. Ол 24 қараша күні Алатау дәстүрлі өнер театрында өтеді. Жиналған қаржы жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыда тәрбиеленіп жатқан студенттерге дәл сол күні табысталады. Ұйымдастырушылар, концерттен 4 миллион теңге жиналады деп болжап отыр.
«Қайырымдылық концерті болғандықтан, билеттерді сату арқылы көмектескіміз келеді. Өйткені асып-тасып жатқан қаражатымыз жоқ. Сондықтан, осы концертке жұрттар ат салысса, келіп қатысса, олардың әрбір тиыны сол 100 жетім бала мен 100 студентке берілетінін айтқымыз келеді», - деді Ақпараттық агенттік жетекшісі Біләл ҚУАНЫШ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33