Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жалғасуда

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жалғасуда. Халқымыздың біртуар ұлы Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне жиналған жұртшылық Алаш арыстарын құрметпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Халқына пана болған тұлға Тұрар Рысқұлов өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсап күрескен, өзін сол жолда құрбандыққа шалған үлкен тұлға. Жазықсыз жапа шеккен Алаш ардақтысының елі үшін жасаған игі істері бүгінгі ұрпаққа үлгі. 

«Әсіресе, Алаш ұрпақтарының жазалануы, әсіресе, Тұрар Рысқұлов сияқты азаматтардың жазалануы, сондай саналы азаматтардың жазалануы - бұл бір тарихтағы үлкен кешірілмейтін дүние сияқты. Бір ғана Тұрар Рысқұловтың өзін алатын болсақ, бұл ерекше тұлға. Тұрар Рысқұлов өз өмірін толығымен өзінің ұлтына, халқына арнаған азамат. Осы күнге бізді жеткізген аға буынның еңбектерін біз ұмытпауымыз керек»,- деді Тарих ғылымдарының кандидаты, Ерсінай ПІРІМБЕТОВА.

Новости партнеров