Алматы «барахолкасын» модернизациялау жалғасуда. Үстіміздегі жылы «Юпитер» мен «Довун» базары жаңартылады. Жеке инвесторлар бұл сауда орындарына миллиард теңге жұмсамақ. Бұл мәлімет "Жетісу инвест форумда" айтылды. Аудан әкімдігі шетелдік инвесторларды қалай тартады және қандай жобаларды іске асырған дұрыс?
Жетісу ауданының кәсіпкерлері инвестициялық форумға тайлы тұяғы қалмай бәрі жиналды. Өйткені жиында қолжетімді сауда орындарын ашу мәселесі сөз болды. Келелі басқосуға Алматы қаласының әкімі Ерлан Әукенов те қатысты. Ол инвестицияға құюға тиімді салалар туралы баяндады. Күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі - халыққа ыңғайлы сауда орталықтарын ашып, қазақстандлық өнім көлемін арттыру.
"Көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлерді сауда орталықтарын ашып қана қоймай, тамақ өнеркәсібіне, оның ішінде, өнімді өзімізде өсіріп, өңдейтін өндіріс орындарын ашуға шақырамыз. Мысал ретінде, Алатау ауданында 17 гектар аумақты алатын жылыжайды айтуға болады. Ол Қазақстандағы ең ірі жылыжай. Осы желтоқсан айында алғашқы өнімдері сатылымға түседі. Бұл нарықтағы импорт тауардың 20 пайызын алмастыра алады",- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Ерлан ӘУКЕНОВ.
Ал, кей кәсіпкерлер мұның қаншалықты маңызды екенін түсініп, шетелдік тәжірибені қолданбақ. Жыл соңына дейін, 8 гектар аумаққа ауылшаруашылық өнімдері сақталатын ірі сауда-логистикалық орталық ашылады. Сонымен қатар, бұрынғы "барахолка" орнында жаңа заманауи сауда орындарының құрылысы жалғасуда. Жыл аяғына дейін «Юпитер», «Давун» базарлары жаңартылады және «Алатау» базарының үшінші бөлігінің құрылысы аяқталуға жақын. Жеке инвесторлар бұл жобаларға миллиард теңгеден астам қаражат жұмсапты. Бұған дейін бірнеше зауыт индустрияландыру картасы бойынша модернизациядан өткен болатын.
"Қазіргі уақытта 9 айдың ішінде біздің ауданға, осы производстваның бәріне 29 миллиард теңге инвестиция құйылды. Соның барлығы айтып кеткендей, ол производстваның бәрі жұмыс істеп жатқандар. Мына «Алматылифт» өзінің жаңа цехын ашты. «Алматыасфальтбетон» жаңа производствасын ашып жатыр. Тағы да басқа компаниялардың барлығы ашып, үлкен жұмыстарды атқарып жатыр",- дед Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі, Талғат РАЗАҚОВ.
Сонымен қатар, Жетісу ауданына шетелдік инвесторларда ақша құюға ниетті. Қазір неміс, қытай компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Азамат Әуезхан, Қанат Кигізбаев, "Алматы" телеарнасы