Алматы облысында менингиттен ер адам көз жұмды деген ақпарат жалған болып шықты

Алматы облысында менингиттен ер адам көз жұмды деген ақпарат жалған болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданында 22 жастағы ер адам менингококк жұқпасынан көз жұмды деп тарап жатқан ақпарат жалған. Мәліметтің шындыққа жанаспайтынын Алматы облысы әкімінің баспасөз жетекшісі Ғалымұрат Жүкел де ресми түрде растады. Ал Талдықорғанда осы кеселдің кесірінен қайтыс болған 3 жасар баланың қасында соңғы уақытта болған 60-тан астам адамды да дәрігерлер тексеріп жатыр.

«Мына месенджерлерде тарап жатқан, Қарасай ауданы Қаскелеңге қарасты бір бала менингиттен қайтыс болды - деген ақапаратты ресми түрде жоққа шығарамыз. Ондай ақпарат жоқ және шындыққа сәйкес келмейді.

28 күні кешкі сағат алтыда қайтыс болған 3 жасар баланың ата-анасы қазіргі таңда инфекционный больницаға жатқызылған. Сонымен қатар баламен қатынаста болған 62 адам, бала қайтыс болар алдында Көлбай ауылына барған ең жақын қатынаста болғандар ауруханаға жатқызылған. Қалғандары бақылауда»,-деді Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.  

Новости партнеров