Алматы облысында мұғалімдерге арналған ерекше сынып ашылды

Алматы облысында мұғалімдерге арналған ерекше сынып ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Цифрлы Қазақстан жобасы ұстаздар қауымының тәжиірбе алмасуына септесуде. Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының мұғалімдері үшін арнайы сынып ашылды. Онда мектеп оқытушылары өзге өңірдегі барлық әріптестерімен тікелей байланысқа шығып, хабар алмаса алады.

Барлық құжаттық рәсімі сандық форматқа көшірілген Абыхан Жексембеков атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімдері есігін енді ашқан сынып әуелі оқушылар үшін оң әсерін тигізеді дейді. Бұл білім жүйесінің дамуы үшін таптырмас тәсіл екенін алға тартты тәлімгерлер.  

«Ол сыныпта заманауи техникалар, моноблоктар бар, ұстаздар онлайн-режиміне қосылып, бос уақытында Мұғалімдер бөлмесіне кіріп, тікелей онлайн-режимде бүкіл Қазақстандағы мұғалімдермен, өздерінің әріптестерімен тәжірибе бөлісе алады. Оқушыларын онлайн-режимде олимпиадаға қатыстыра алады. Сондай-ақ, «Күнделік.кз» бағдарламасына да кіріп отырмыз. Ата-аналармен тікелей байланыс жасап, баланың жеткен жетістіктерін немесе қандай бағыттармен жұмыс жасау керек екенін түсіндіріп отырды», – деді «Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» КММ директоры Гүлбахыт ҚАСЫМЖАНОВА.

Айта кетейік, соңғы екі жылда Алматы облысында 40-тан астам мектеп бой көтерген. Нәтижесінде, 3 ауысыммен оқу қысқарды. Білім сапасы артты. Сындарлы сәт – Ұлттық біріңғай тестілеудің нәтижесінде, 5 мың түлек грантқа оқуға түскен. Ал биыл бас-аяғы 761 мектепте 373 мың шәкірт білім нәрімен сусындауда. Оқу жылында тек мұғалімдерге ғана емес, оқушыларға да арналған құлтемір құрастырушы сыныптары көптеп ашылуда.

«Облыс бойынша, робототехника сыныбы, ІТ-кабинеттері ашылып жатыр. Мұғалімдердің онлайн-сабақтарға қатысып, республикадағы, тіпті басқа мемлекеттердегі әріптестерімен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуына барлық жағдай жасалған», – деді Алматы облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл СҮЛЕЙМЕНОВА.


Новости партнеров