Алматы Швейцариямен сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түседі

Алматы Швейцариямен сауда-экономикалық байланыстарды нығайта түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Экономика, білім және зерттеу федералды департаментінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманнмен кездесті.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, стартаптарды қолдау және «Smart city» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқыға салды. Швейцария Қазақстанның үшінші ірі шетелдік инвесторы екенін ескерсек, екіжақты тауар айналымының ауқымы да жыл сайын артып отыр деді бас қосқан делегаттар. Айталық, Алматыда сауда, медицина, қаржы және басқа салалар бойынша швейцарлық капиталмен 94 кәсіпорын жұмыс істеуде.  

«Біз Қазақстанға түрі сала бизнесмендерін ертіп, үлкен делегациясымен келдік. Сапардың басты мақсаты – бұрыннан бар серіктестік қатынасты нығайту және жаңа ынтымақтастықты қалыптастыру. Швейцарияда пайдалы қазбалар жоқ, сондықтан ел экономикасы жаңа технологияларға және қызмет көрсетуге негізделген. Алматы – жедел дамып келе жатқан мегаполис, басты әлеуеті стартаптарды дамытуға бағытталған. Қаланың географиялық орналасуы, дамыған инфрақұрылымы Алматыны бүкіл Орта Азия өңірі бойынша бизнесмендердің қызметін кеңейтудің айшықты алаңына айналдырады» – деді Швейцария конфедерациясының   федералды кеңесшісі Йоханн ШНАЙДЕР-АММАНН.

Новости партнеров