Алматыда 1 млн долларды қолды қылған ақша айырбастау орнының иесі ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда ақша айырбастау орнының бұрынғы иесі тұрғындардың бір миллион долларын ұрлап кеткен. 43 жастағы күдікті жұртты түлкібұлаңға салып, валюта айырбасы кезінде ақшаларын еселеп беремін деп, барлығын тақырға отырғызған. Әзірге Түрксіб ауданы ішкі істер басқарамасына 4 жәбірленушінің арызданғаны анықталды. Полицейлер «алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін», - дейді. Алаяқтық жолмен қап қаражатқа кенелген күдікті шетел асып үлгерген. Бірақ тәртіп сақшылары оны көп ұзамай қолға түсірді. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33