Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт суытады

Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт суытады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алдағы күндері ауа температурасы 50 градусқа дейін төмендейді деген ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Әрі осы айдың соңына дейін жалғасатыны жазылған. Республиканың солтүстігінде күннің суықтығына байланысты мектептер жұмыстарын уақытша тоқтатып, кейбір жолдар жабылған. Ауа райы туралы кеңірек білу үшін біз «Қазгидромет» филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жұмабайқызымен тікелей байланысқа шықтық.

-Желіде тарап кеткен минус 52 градус суық болады деген ақпар қаншалықты рас? Және республиканың қай аймақтарында суық болады?

-Бұл ақпарат 52 градусқа дейін аязға бара қоймайды деп біз болжап отырмыз. Ал Астана қаласында 19 қаңтарда берілген дауылды ескерту бойынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстыра бойынша түнгі ауа температуралары 35-40, кей жерлерде 45 градус аязға дейін төмендейді деген дауылды туралы ескерту құрастырылған. Соған байланысты, сол температуралар аралығында күтілуде.  

- Аяз қанша уақыт созылуы мүмкін?

-Бұл аяздар негізінде қаңтар айының аяғңына дейін созылуы мүмкін. Соған байланысты Қазақстанның барлық өңірлерінде түнгі ауа температуралары және де күндізгі ауа температуралары төмендеп, қатты аяздар әлі айдың аяғына дейін күтіледі.

-Ал, Алматы мен Алматы облысындағы  ауа райы болжамына тоқтала кетсеңіз?

-Алматы және Алматы облысы бойынша негізі алдағы күндері, ертеңге Алматы қаласы бойынша әлі де түнгі температуралар 10-12,  күндіз 5-7 градус аяз болса, 24-29 аралығында Алматы қаласы бойынша дауылды туралы ескерту құрастырылды. Ал Алматы облысы бойынша түнгі ауа температуралары 15-20, кей жерлерде 20-25-тен 30-35 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін деген дауылды ескерту құрылды.  


Новости партнеров