|
26.12.2017 | 15:35
1466

Алматыда 90 мыңға жуық жүргізуші темір тұлпарларының салығын төлемеген

Алматыда 90 мыңға жуық жүргізуші темір тұлпарларының салығын төлемеген

Алматыда 90 мыңға жуық жүргізуші темір тұлпарларының салығын төлемеген. Олар жыл аяғына дейін борыштарын өтеулері қажет. Олай болмаған жағдайда, белгіленген сомаға өсімақы қосылады. Ал жер және мүлік салығын төлеушілерге жеңілдік қарастырылыпты. Үкіметпен қабылданған жаңа салық кодексі бойынша қандай өзгерістер болады? Келер жылдан бастап салық төлеушілерге қандай жеңілдіктер қарастырылған? Бұл сұрақтарға Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыстары департаментінің басшысы Заңғар Шындали жауап бермек.

-Көлік салығын төлемей жүрген 90 мың көлік тізгіншілеріне қанша уақыт береді, қарызын өтеу үшін?

- Салық органдарының хабарландыру жіберген күнінен бастап, 30 күнге дейін төлеу керек. Болмаса, біз материалдарды сотқа өндіріп алу үшін жібереміз. Ары қарай жеке сот орындаушысына беріледі, бірге рейд жасап, автокөлік бекеттеріне апарып тастаймыз. Берешегі бар салық төлеушілердің саны көбеймеуі үшін осы жылдың, 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеуі керек. Одан кешіктірілсе, күн сайын өсімақы өсіп тұрады. Ал 31 желтоқсан демалыс күнге келгендіктен, оны 29 желтоқсанға дейін төлеген дұрыс болады.

-Жаңадан қабылданған салық кодексі бойынша келер жылы қандай өзгерістер болады?

-Үлкен өзгерістердің бірі – жеке кәсіпкерлерге салық сомасы 2 пайыздан 1 пайызға азаяды. Ал жеке тұлғаларды айтатын болсақ, егер банк несие алған кезде оның сомасын кешіретін болса, қазіргі салық заңнамасы бойынша 10 пайыз кешірілген сомадан салық төлеу керек. Келесі жылдан бастап, ол норманы алып тастайды. Талап қою мерзімі азаяды. 5 жылдан 3 жылға дейін. Бұл 2020 жылдан бастап. Тиянақталған салық төлеушілер бильярд, жеке компьютерлік кәсіпкерлігі бойынша 2020 жылдан бастап алып тасталынады бұл салықтар. Қосымша құн салығы оңай қайтарылатын болады. Тексеріске шығатын негіздер азайтылады.

-Редакциямызға наурызбай ауданының бірнеше тұрғындары хабарласқан екен. Олар аудандық салық комитетінің мекен-жайы мен телефон нөмірлерін таппай жүрген көрінеді. Халыққа түсіндіру үшін оның қайда орналасқанын айтып берсеңіз.

-Наурызбай ауданы бойынша салық басқармасы, кірістер басқармасы жаңа ықшам ауданға көшті. Бұл жерде аудандық әкімшілік, прокуратура барлығы бір аймақта орналасқан. Оның мекен-жайы:Шұғыла ықшам ауданы, 222 үй. Өкінішке орай, Қазақтелеком желілері бұл ықшам ауданға әлі жеткен жоқ. Сондықтан уақытша ұялы телефондарына байланысуға болады.

Студияға келіп, көрермендердің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап бергеніңіз үшін алғысымызды айтамыз.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир