Алматыда "Альфа банктің" бөлімшесін тонағандар сотталды

Алматыда "Альфа банктің" бөлімшесін тонағандар сотталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда "Альфа банктің" бөлімшесін тонағандар сотталды. Олар 7 жылға қамауға алынып, мүліктері тәркіленді. Қос қарақшы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. Сот олардың кәмелетке толмаған балалары барын, сондай-ақ, бұрын істі болмағанын ескеріп, жазаларын жеңілдетуді ұйғарған. Әуелде, «қарақшылық» дерегі бойынша күдікке ілінген екеуі, енді «тонау» бабымен сотталып отыр.

«Бескишкин Максим мен Жуков Иванды айыпты деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айырады. Екеуінің бар мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ, қылмыскерлер сараптама кезінде кеткен шығынды өтеуі тиіс. Ал, банкті тонау кезінде қолданылған тапанша қаланың Ішкі Істер Департаментіне тапсырылып, әрмен қарай жойылады», - деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы¤ Бақытхан БӘКІРБАЕВ.    

¤Айыпталушы тарап, 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіруі мүмкін. Еске салсақ, биыл маусым айында қаладағы "Альфа банктің" бөлімшелерінің бірі тоналған болатын. Қос қарақшы қаржы орталығынан 65 млн теңгеден астам қаржыны қолды қылған. Көп ұзамай ұрылар қолға түсіп, тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер, мұндай әрекетке қыруар несиеден құтылу үшін барғандарын айтып ақталған еді.


Новости партнеров