Алматыда болған жол апатының салдарынан 22 жастағы жігіт қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының қақ ортасында тағы бір ірі жол апаты болды. Toyota camry көлігін тізгіндеген жүргізуші жоғарғы жылдамдықта жүйіткіп келіп, жиекте тұрған бағанаға барып жаншылған. Оқыс оқиға Мұқанов көшесінің бойында тіркелген. Қатты соққыдан көлікті басқарған 22 жастағы жігіт сол жерде тіл тартпай кетті. Қалған 3 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оларды қаладағы ауруханаларға жеткізді.
«Науқастарға шұғыл көмек көрсетілді. Зардап шеккен 2 адам медиктердің емінен кейін үйлеріне жіберілді. Ал үшінші науқасқа күрделі ота жасалды. Алған жарақаты тым ауыр. Қазір есін жиды, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Орталық қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Берік ЕРҒАЛИЕВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52