|
27.01.2017 | 15:38
2275

Алматыда бүлдіршіндер арасында спорттан жарыс өтті

Алматыда  бүлдіршіндер арасында спорттан жарыс өтті

Алматыда балабақша бүлдіршіндер арасында спорттан жарыс өтті. Шара, елімізде тұңғыш рет өтетін  Универсиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Балғындар бәсекесінде Медеу ауданындағы нөмірі 116-ыншы балалар бақшасы ерекше көзге түсті. Мақсат - болашақ ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу. Олар,  түрлі жаттығулар мен гимнастика жасап, қызықты ойындар ұйымдастырып, қазылар алқасын тәнті етті.

«Егемендік алғалы біздің спортшылар бүкіл әлемге әйгілі, танымал болды. Осы жарыстың биік деңгейде өтетініне еш күмәнім жоқ. Біздің спортшылар үлкен жетістіктерімен біздің жанкүйерлерді қуантады деген үміттемін»,- деді Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, еркін күрес шебері, Ислам БАЙРАМУКОВ.

«Универсиада- 2017» тақырыбындағы ір-шаралар  Медеу ауданындағы 28 мектепте де аталып өтілді. Қазір  Медеу ауданындағы 18 мемлекеттік және 44 жекеменшік бала-бақшада 6017 бала тәрбиеленіп жатыр. 2016 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 22 жекеменшік бөбекжай пайдалануға берілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир