Алматыда бүлінген жолдар жаппай тегістелуде

Алматыда бүлінген жолдар жаппай тегістелуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол жөндеу жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Ауқымды осы шараға жыл сайын қыруар қаржы бөлініп, бүлінген жолдар тегістеліп жатады. Бұл үрдіс биыл да жалғаспақ. Мәселен, Медеу ауданында осы жылы 35 көше күрделі жөндеуден өтеді. Одан бөлек, олқы тұстар түзеледі деп жоспарланған. Жалпыдан жалқыға ойысу үшін, осы қазір аудан әкімі Ержан Жылқыбаев мырзамен тілдесіп көрмекпін. Аудан басшысы студиямен тікелей байланысқа шығуға әзір.                  

Қайырлы кеш, Ержан Жұматұлы! Медеу ауданында қанша шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүреді? Нақты қай көшелерде және қашан жүргізіледі? 

«Медеу ауданында 365 көше бар, 401 км шақырымды құрайтын, оның ішінде 45 көше орталық магистралды көше болып саналады. Биылғы 2017 жылға Медеу ауданы бойынша 35 көшеге біз тапсырыс бердік. Ол 3 этаппен жүреді. 1 этапта 5 көше жөндеу жұмысы 10 сәуірден басталды. Ол Луганский, Бұқар жырау көшелері, «Атырау» шағын Мүлтек ауданы және Медеуге апаратын жол. Ұзындығы 4/8 км, жалпы сомасы 188 млн теңгеге жұмыстар 10 сәуірде басталды, Ауа райы кішкене кедергі жасап тұр. Мен ойлаймын сәуір айының соңына дейін ол бітеді. 2 этапта 5 көше бердік. Қазір конкурстық документациялар дайындалып жатыр. Июнь айынан бастап ол екінші этаптыда біз бастаймыз. Ол ұзындығы 5/6 шақырым жалпы құны 520 млн теңгеге орташа жөндеулер жұмыстары жүргізіледі. Ол орталық көшелер, біздің Қонаева, Шевченко, Сәтпаева және 3 этапқа 15 көше бердік. 15 көше бойынша қазір қалалық жол жөндеу және автомобильді жол жөндеу басқармасы қажетті құжаттарды дайындап жатыр, конкурс өткеннен кейін жаздың ортасына қарай ол жұмыстарда басталады. Жалпы, биылға біз 35 орта көше, ол орташа жөндеу және 155 көше шұңқырлы жөндеу жұмыстарын бердік. Шұңқырлы жөндеу жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр,  олда сәуір айының соңына дейін бітуі тиіс»,- деді Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.  

Жол жөндейтін мердігер компанияларға қандай талаптар қойылады? Олар сенімді ақтай ма?

«Енді жол жөндеу мердігерлері біздің аудан бойынша 2 мердігер қатысып жұмыс жасап жатыр. Ол «Асмарт строй» және «ДС 13» деген. Бұл мердігерлердің енді тәжірибесі бар мердігерлер, жылда осы нарықта жұмыс жасап жүрген. Талап өте қатаң, біз әрбір кв метрін жұмыс жасағанын қадағалап бірге, осы қалалық басқармамен бірге бірігіп ақылдасып жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күнге ешқандай сын ескерткенбіз жоқ. Бүгінгі жасаған, алдыңғы жылы жасаған жұмыстары да сапасы өте жақсы»,- деді Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.   

Аудандағы жылу жолдары мен құбыр жүйесінің жағдайы қалай? Құрылысты қажет ете ме?

«Аудандағы жылу және кәріз құбырлары жөндеу жұмыстары да біздің ауданда биыл өтеді. Биылға 19 нысан көзделген, оның ішінде 12 су құбыр жүйесі, 4-уі жылу құбыр және 3-уі кәріз жүйесі, жалпы 5 млрд 400 млн теңгеге 41 км осындай жұмыстар жасалады. Қазір мердігерлер анықталып, бұл мердігерлермен біз бірігіп әрбір адрес бойынша аралап көріп шықтық. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, биыл осындай жұмыстар жүретінін, кішкене уақытша қиындықтар болатынын айттық, жалпы түсінік бар, енді біз сол мердігерлермен уақытысында барлық қазылып жасалған жұмыстарды тез арада жауып, асфальтін төсеп бітіріуін қадағалайтын боламыз. Жалпы, биыл сол жұмыстар біткеннен кейін біз сол көшелер бойынша асфальт жөндеуге тағы да тапсырыс береміз»,- деді Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.   

Ержан Жұматұлы уақыт бөліп, ақпаратпен бөліскеніңізге рахмет!


Новости партнеров