Алматыда дүкенге жапсарлас салынған заңсыз нысандар сүрілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда дүкенге жапсарлас салынған заңсыз нысандар сүрілді. Жалпы аумағы 112 шаршы метрді құрайтын пластик дүңгіршіктер шамамен 2 жылдан бері жеміс-жидек пен жеңсік ас дайындап, сатып келген. Нысанда қауіпсіздік талаптары сақталынбайды деген соң үйдің тұрғындары қала басшылығына арыз түсірген. Өйткені, кәсіпкер олардан рұқсат сұрамаған. Кейін мамандар нысанды тексеріп, бірде бір құжаты жоқ екендігін анықтаған. Кәсіп иесіне сот 64 мың теңге көлемінде айыппұл төлетіп, дүңгіршектерді мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім шығарған. Дегенмен, дүкеннің иесі құрылыс материалдарын сақтау үшін нысанды өз еркімен сүрді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33