Алматыда егіз балаларды өлтірген күдіктілер сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда егіз балаларды буындырып өлтіріп, ізінше мәйіттерді тоңазытқышқа салған күдіктілер сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Түрксіб аудандық соты оларға осындай шешім шығарған. Тергеушілер істі толық зерттеп болған соң, прокурорларға табыстайды. Әзірге марқұм балалардың анасы Алла Волченко өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Ал оның танысы Эмиль Гильмутдинов балаларды қылқындырып, артынша оларды тоңазытқышқа салғанын мойындады. Айтуынша, бүлдіршіндер тоқтаусыз жылап, маза бермегендіктен осындай қадамға барған. Есте болса, өлі балалардың денесі осыдан 4 күн бұрын Түрксіб ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен табылған еді. Полицейлерге күдіктілерді арада 1 күн өткенде қолға түсірген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
28.09.2026 09:42
28 қыркүйекке арналған валюта бағамы
28.09.2026 08:45
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
28.09.2026 08:20