Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 10-нан аса ескерткішті қорлады

Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 10-нан аса ескерткішті қорлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда вандалдар 28 Панфиловшылар саябағындағы 10-нан аса ескерткішті қорлады. Олар қаһарман қалалардың құрметіне орнатылған мемориалды тақтадан әріптерді ойып алып тастаған. Сорақы тірлікті ең алдымен мұражайдың екі қызметкері байқап қалып, бірден полицияға шақыртқан. Содан кейін генерал-майор Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова дабыл қақты. Оның айтуынша, мәдени мұраны талқандағандар граниттен металл таңбалар мен әскери символикаларды тек арнайы құралдардың көмегімен жұлған деп отыр. Ал құйтырқы әрекетке тек түнгі уақытта барулары мүмкін деп топшылайды. Аталған дерек бойынша қалалық Ішкі істер департаментінде қылмыстық кодекстің 202 бабы бойынша іс қозғалды. Қазір сондағы бейнебақылау камерасы жіті тексеріліп жатыр. Ал қалалық әкімдік шамамен екі күннің ішінде ескерткіштерді қайта қалпына келтіруге кіріспек.


«Ескерткіштерді қорлау жағдайы бірінші рет орын алып отырған жоқ. Халық құрметті орынды бүлдіру былай тұрсын, тіпті отырып үстінде тамақ ішеді. Заттарын қойып қояды. Балаларын ойнатады. Бұл дұрыс емес. Бұрынғыдай учаскелік полиция қызметкерлерін қайтару керек немесе декоративті қоршаулар орнатқан жөн сияқты», - деді  Кеңес одағының батыры Иван Панфиловтың немересі Алуа БАЙҚАДАМОВА.


Новости партнеров