Алматыда Еркін Ізбасаров қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда "Төрт ағайынды" қылмыстық топ серкелерінің бірі -  Еркін Ізбасаров қамауға алынды. Арнайы жасақ оны кеше тұтқындаған. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, 50 жастағы күдікті Ақтөбеде қара алтынды қолды қылғандарға жетекшілік етіпті. Сондай-ақ, ол ұрланған мұнай қорын заңсыз жолмен сатып келген. Мүгедек арбасына таңылған Еркін Ізбасаров көпшілікке спорт жанашыры, меценат ретінде танымал. Жас кезінде өзі де еркін күреспен шұғылданыпты. Кейбір ақпарат бойынша, ол "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобына басшылық етеді. Қарақшылық ұйым бүгінде "Айшуақ Жантүгел" атымен елге белгілі. Есте болса, кеше Ақтөбеде мұнай ұрлаумен айналысқан қарақшылық топ мүшелері қолға түскен еді. Әзірге арнайы жасақтың нақты қанша адамды матағаны белгісіз. Кей деректерде, қолға түскендер салафизм бағытын ұстанған деседі. Күдіктілерге қатысты тергеу амалдары басталып кетті.

Новости партнеров