Алматыда Фурманов көшесін ұзарту үшін қызыл сызықтағы үйлерді сүру жұмыстары осы айда басталмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Фурманов көшесін ұзарту үшін қызыл сызықтағы үйлерді сүру жұмыстары осы айда басталады. Шаһар билігі қайта бағалау рәсімін өткізіп, белгіленген аумақтан 50-ден астам жер телімін сатып алыпты. Қазір өтемақысын алған тұрғындар көшуге қамданып жатыр. Ал өтемақыны қанағат тұтпағандардың  мәселесі сот арқылы шешілмек.

Қазір қаңырап бос тұрған бұл ғимарат газет-журнал шығаратын типография болған. Жеке кәсіпкер Татьяна Цой бұл іспен 10 жылға жуық айналысыпты. Оның 600 сотық жері мемлекеттің керегіне қажет болғасын, жергілікті билік өкілдерімен келісіп, нысанды сүреуге рұқсатын берген.

«Маған бас-аяғы 104 млн 650 мың теңге өтемақы төледі. Бұл сомма қазіргі нарықтағы бағаға сай деп ойлаймын. Бірден келісімімді бердім. Қазір бұл қаржыны қалай жүзеге асыру қажетттігін ойластырып жатырмын», - деді кәсіпкер Татьяна ЦОЙ.

Биыл шаһар билігі Фурманов көшесін темір жолдың үстінен эстакада арқылы Жансүгіров көшесіне дейін ұзарту туралы шешім шығарған еді. Қала орталығымен солтүстікті жалғайтын қосымша көлік дәлізі кептелісті 20 пайызға қысқартатын көрінеді. Жұмысшылар жаз басталғалы мемлекет меншігіндегі бос жерге құрылысты бастап кеткен. Жалпы жолайрықты салу кезінде бұл аумақтан 300-ге жуық үй сүріледі. Бірінші кезеңде оның 100-ін күреу көзделіп отыр. Қазір оның тең жартысы мемлекеттен берілетін өтемақыға келісіп, үйлерінен біртіндеп көшіп жатыр. Соның бірі - Сергей Гайдышев. Ол 20 жылдан астам тұрған баспанасына 34 млн теңге өтемақы алып, өзіне басқа үй сатып алыпты.

«Қазір жылжымайтын мүлік бағасы түскен. Сондықтан үлкен сомма күтудің қажеті жоқ. Маған 34 млн теңге берді. Бұл қаржыға дәл өзімнің бұрынғы үйімдей үй сатып алдым», - деді  қала тұрғыны Сергей ГАЙДЫШЕВ.

Десе де, бұған дейін 58 телім иесі мемлекеттен берілетін өтемақыны азсынған еді. Сондықтан олар қайта есептеу жүргізуді талап еткен болатын. Әуелде, баспаналарды бағалаумен петропавлдық компания айналысқан еді. Олар бағалау рәсімдерінің тиісті құжаттарын белгіленген мерзімде бермей, созбаққа салған. Сондықтан әкімдік компания үстінен сотқа шағымданған. Кейін қайта есептеу тағайындалып, онымен алматылық компания айналысты.

«58 арыз түскен жер иелерінен, бәрін жасап болдық қайта бағалау рәсімдерінің. Қорытындысын қолдарына бердік жер иелерінің. Соның 58-інің 8 адамынан қазір келісім келді», - деді Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ардақ САМАМБЕТОВ.  

Жауапталыр қызыл сызықтағы үйлерді күреуді осы айда бастайды. Бастапқыда 25 үй күрелсе, қазан айында тағы 20-сы жермен жексен етіледі. Ал өтемақыны қанағат етпеген 50 тұрғын мәселесін сот арқылы шеше алады.

Айдана Мейрамбайқызы, Рашит Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров