Қалада қауіпті спорт түрлерінен жарыс өтті. Конституция күніне орай өткен шараға тек кәсіби споршылар ғана емес, әуесқойларда қатысты. Бірақ бұл спорт түрлерінің қауіпті болғанына қарамастан, М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына келген халықтың қарасы көп болды. Қауіпті спорт түрлерінен жарыс осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырлды. Bmx, скейт, ролик пен самокат спорт түлерін меңгерген алматылықтар өз өнерлерін ортаға салды.
«Кез кедген адам қатыс алады. Кез келген жас шамасында. Әр спорт түрінен жас шамасы қарастырылған. Шараға ТМД елдеріндегі Қырғыстан, Өзбекстан мен Ресей елдерінен де адамдар қатысты. Сонымен қатар, елдің түпкір-түпкірінен де спортшылар қатысып жатыр», - деді ұйымдастырушы Досжан ҚАМАТАЙ.
«Extreme толқыны» атты жарыста попинг, хип-хоп, брейк данс және вакинг би түрлерінен де мықтылар анықталды. Бұдан бөлек, саябаққа демалушыларда доп ойындарының әр түрінен бәсекеге түсіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. «Спорттык алматы» бағдарламасы аясында өткен шараның жалпы жүлде қоры 1 миллион 800 мың теңге. Былтыр алғаш рет жарыс ұйымдастырушылар 300- ден астам адам қатысса, биыл олардың саны мыңға жуықтады. Қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйытқы болуымен өткен жарыс дәстүрге айналмақ.