Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беретінін айтып, бірнеше азаматты сан соқтырған зейнетжасындағы алаяқтар ұсталды. Олар екінші деңгейлі қаржы институттарынан несие алғысы келетін тұрғындарды тауып, өздерін банктермен жақсы қарым-қатынаста екенін айтып сеніміне кірген. 1954 жылғы қарағанды тумасы бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Айлакер мен қасындағы сыбайласы екеуінің 4 оқиғаға қатысы бар екендігі анықталған. Келтірілген шығын көлемі 16 миллион теңге. Күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Несие аламын деушілерді тауып, оларға несиені қайтаруды қажет болмайды сіздер екі саты бойынша аласыздар. Бірінші сатыда 1-2 миллион теңге қолыңызға түскенді толығымен бізге беруіңіз қажет. Көмектесіп жатқан адамдардың рахметін береміз деп әлек айтты. Сонан соң қолыңызға түсетін ірі қомақты соманы қайтарудың қажеті жоқ мемлекеттік бағдарлама бойынша жойылатын несие деп сендірген. Осы түсініктемелерге сенген азаматтар болды»,-деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.