Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды

Алматыда қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аалматыда қатқыл қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Кешен толықтай Еуропалық жабдықтармен жарақталады. Жылына 550 тонна қоқысты өңдеуге мүмкіндік береді. Оның құрылысы келер жылдың жазында аяқталмақ. Қолданысқа берілсе, өнеркәсіптің дамуына қосымша серпін қосады. Айта кетейік, мұндай зауыт еліміздің ешбір өңірінде жоқ.


«Мемлекет басшысы Алматы қаласының дамуы бойынша соңғы кездесуінде қоқыс мәселесін жүйелі түрде шешу, оны кешенді өңдеуді және пайдаланудың толық циклін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Зауыттың құрылысы біз үшін негізгі жоба болып отыр. Қазір біз бірінші кезекте қоқысты іріктеп, одан кейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін жүйені құрып жатырмыз», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

 

¤Қоқыс сұрыптайтын зауытта 600-ге жуық қызметкер еңбек ететін болады. Кешеннен қала қазынасына түсетін табыс көлемі 300 миллион теңгеден асады деп болжануда. Сондай-ақ қала әкімі Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың да жұмысын тексерді. Қазір мұнда құны 191 млрд. теңге болатын 40 жоба жүзеге асып жатыр.


Новости партнеров