Алматыда менингококк инфекциясынан студент көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда менингококк инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Жұқпалы дерт бұл жолы қаладағы 1 курс студентінің өмірін жалмап тынған. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, науқас ауруханаға кеше таңертең түскен екен. Алайда, дәрігерлер аты жаман ауруға араша бола алмай, студент кешке бақилық болыпты. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алматыда 3 адам жұқпалы дерттің құрбаны болғаны айтылған еді. Қайтыс болғандардың қатарында кішкентай бүлдіршін де бар. Ол ауыр дерттен небары 4 сағат ішінде көз жұмған. Соңғы ресми мәлімет бойынша, қазір қалада менингококк инфекциясы 15 адамда нақтыланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.09.2026 16:47
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53
20 қыркүйекке арналған валюта бағамы
20.09.2026 09:17