Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. 2013 жылы Елбасы жарлығымен бастау алған ұлттық сайысқа биыл 90-нан астам отбасы қатысты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Ғаламдану, жаһандану кезеңінде, дәстүрлі отбасылық құндылықтардың құлдырап бара жатқан заманында аталмыш байқауды өткізудің маңыздылығы артқан.¤

«Ең негізгісі өмірге бала әкеліп, оны Абай атамыз айтқандай, тек қана атасының емес, бүкіл адамзаттың баласындай, қоғамына пайдасы тиетін, елім деп еңбек ететін, өз ісіне жауапты азамат тәрбиелеп шығару. Сондықтан менің ойымша, қаламыздағы әрбір бала өсіріп отырған, тәрбиелеп отырған, оның бойына ұлттық сана-сезім ұялататын отырған отбасының қай-қайсысы болсын мерейлі деп ойлаймыз»,- деді Қала әкімінің орынбасары, Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.

«Мерейлі отбасы» байқауының негізгі мақсаты - отбасылық құндылықтарды одан әрі дәріптеу. Алматы қаласы бойынша сайыста екі бірдей отбасы жеңімпаз атанған.  Жапақовтар мен Асқаровтар отбасы енді республикалық сайысқа қатысады.¤

«Әрине, біз отбасымызбен аптасына кем дегенде екі рет бас қосып, әке-шешеміздің ақылын тыңдап, отбасылық құндылықтарды талқылап отырамыз. Ол біздің ата-бабаларымыздан қалыптасқан қағидалардың бірі. Сондықтан біз бұны алдағы уақытта өзіміз тәрбиелеп отырған ұл-қыздарымызға дәстүр ретінде қалдырамыз деген сенімдемін»,- деді «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы, Сабыржан МӘЛИҰЛЫ.

 


Новости партнеров