Алматыда оқушыларға арналған журналдың тұсауы кесілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда оқушыларға арналған журналдың тұсауы кесілді. Бір қызығы, түрлі тақырып тауып, мақала жазатын журналист оны бекітетін редактор қызметтерін мектеп тәлімгерлері атқарады. Осы уақытқа дейін жаңа журналдың үш саны жарық көріп үлгеріпті. Тілшілер тек позитивті тақырыпта мақала жазады. Жоба авторларының сөзінше, тың журналға кез келген қала оқушысы шығармасын бере алады.
«Осы мектептің шеңберінде ғана бұл журнал қалып қоймай, осы қалада бізде 250-ден астам мектеп бар. Мемлекеттік меншіктегі және жеке меншіктегі сол балалардың барлығына бұл журнал тараса, пайдасы зор болады деп ойлаймын», - деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Гүлнар ХОДЖАБЕРГЕНОВА.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31