Алматыда «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті

Алматыда «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың біртума композиторы, дарынды дирижер Нұрғиса Тілендиевтің биыл өмірден озғанына 20 жыл толады. Дәулескер күйшінің көзі тірі болса 93 жасқа толар еді.

Күні кеше Тілендиевтің туған күніне орай, «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті. Кеште сазгердің халық сүйіп тыңдайтын жиырмадан астам музыкасы ойналып, күйлері күмбірледі. Қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған ерекше дарын иесіне көзі тірісінде-ақ «қазақ сазының сайыпқыраны» деген атақ берілген еді. Композитордың артында қалған мұрасы өлшеусіз. Әсіресе, ол құрған «Отырар сазы» оркестрі күллі қазақтың мақтанышына айналды. Өнер ұжымы биыл шет елдерге гастрольге көптеп шығып, бірталай игі шараларды қолға алмақ.

«Әкемнің қайтқанына осы жылы 20 жыл. Ойда көптеген мақсаттар тұр. Барлығын ашпай-ақ қояйын. Қайтқанына осы қарашаның 15-де үлкен концерт өткізейік деп жатырмыз. Музейдің ішінде бірнеше өзгерістер болу керек, оны енді қазір ашқаным дұрыс болмайтын шығар», - деді Н.Тілендиев атындағы «отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра ТІЛЕНДИЕВА.

«Ол ұлы композитор, ол халыққа жақын композитор. Халықтың жүрегінен шыққан, жүрегіндегі әндерді жазған композитор. Оның қазір 20 жыл болды деп жатырмыз ия кеткеніне, соның өзінде бір шығармасы ойналмай қалған жоқ. Оркестрі ойнап жатыр, концерт беріп жатыр. Ол концертке көрермендері келіп, рахаттанып тыңдап кетеді. Ол кісі бұлай ойласаң өлген жоқ. Өйткені, керемет оркестр қалдырды», - деді Н.Тілендиевтің жұбайы Дариға ТІЛЕНДИЕВА.


Новости партнеров