|
02.08.2017 | 12:02
1686

Алматыда шағын дүкен өртенді

Алматыда шағын дүкен өртенді

Алматыда шағын дүкен өртке оранды. Қызыл жалын таңға таяу тұтанған. Құтқарушылар келгенше, тілсіз жау әп-сәтте 30 шаршы метр аумақты күлге айналдырыпты.

Шағын дүкенді өрт шарпыған кезде, ішінде 5 адам болыпты. Олардың 3-еуі терезеден секіріп үлгерген. Қалған екеуі түтінге тұншығып, біреуі тіпті күйіп қалды. Дәрігерлер жараланған науқасты қаладағы ауруханалардың біріне алып кетті. Одан бөлек, өрт дүкен маңында тұрған 2 көлікті зақымдаған.

«Бізде баллондар далада тұратын. Іште емес. Сол далада ауыстырғанда газовиктер өздері бракованный баллон әкелді ма білмейм мен. Түсінбейм мен газды. Өздері жасап жатып, өздері газға ие бола алмай қалды. Біз өрт ішке келем дегенше окошкадан секіріп кеттік. Ешнәрсе алмадық. Өйткені, қорқасың ғой ол кезде. Ойлағанда жоқпыз. Документ ешнәрсе алған жоқпыз. Бәрі ішінде қалып өртеніп кетті»,- деді Жалға алушы, Ақгүл СӘРСЕЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир