Алматыда соттық бақылау және бұйрық өндірісінің мәселелері талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қылмыстық кодекстің өзекті мәселелері талқыланды. Олардың дені соттық бақылау және бұйрық өндірісінің мәселелеріне арналған. Сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған бұл шаралар жыл басынан бері қолданылып келеді. Мысалы, бұйрықтық іс жүргізу бойынша осы кезге дейін 485 дерек сотта қаралып өз шешімін тауыпты. Бұл алдымен азаматтар құқықтарының заңды тұрғыда қорғалуын, әрі сот процесін жеңілдетуге бағытталған,дейді мамандар.

«Бұйрық өндірісі, мысалы, адам жеңіл, онша ауыр емес қылмыстар бойынша, жазасы, мысалы, айыппұл салынатын кезде, бас бостандығынан айыру мәселесі, басқа да жаза қарастырылмаған жағдайда хаттама толтырылады да сотқа жіберіледі. Ол адамның қатысуынсыз, ол адам келісімін береді соған. Сол кезде сот қарап үкім шығарады. Яғни, бұл барынша соттың уақытын да басқа да мәселелерді тиімді пайдалануға, тиімді шешуге арналған», - деді Алматы қалалық сотының судьясы Нұрдилла СЕЙІТОВ.



Новости партнеров