|
20.12.2016 | 10:32
2013

Алматыда спорт алаңы ашылды

Алматыда спорт алаңы ашылды

«Шынықсаң - шымыр боласың». Қалада тағы бір  спорттық-ойын алаңы ашылды. Инвесторлар қаржысымен бой көтерген алаң Бостандық ауданында бой көтерді. Спорт алаңы заманауи Work out, Street ball және балаларға арналған тиісті аймақтарымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, құрылғылары сапалы отандық өнімдермен жабдықталыпты. 


«Бұдан басқа біздің республикалық қаржы бөлініп, 10 осындай спорттық нысан және 9 балабақша алаңы соғылды. Айтып өткендей спонсорлар арқылы 21 нысан ашылды»,- деді Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Таңат АЙДАРБЕКОВ.


Мұндай үлкен спорттық-ойын нысандары қаламыздың Наурызбай ауданында, Тұңғыш Президент саябағында және КИМЭП университетінің маңында орналасқан. Спортпен айналысып, дене шынықтырамын деушілерге спорт алаңы әрдайым ашық. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир