Көк базардың сатушыларына ПОС-терминалдар тегін сыйлыққа берілді. Мұндай бастаманы Алматыдағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушы-компаниясы қолға алған. Енді жергілікті өндірушінің көмегімен клиенттерге банк картасы арқылы қызмет көрсетуге болады. Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер арасында ПОС-терминалды құру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
«Бұл жұмыс 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан басталды. Жыл соңына дейін ПОС-терминал құрмаған салық төлеушілерге біз шаралар қолданатын боламыз. 2017 жылдың 1-інші қаңтарынан басталады. Сондықтан барлық салық төлеушілерді, қызмет көрсететін, тауарлар сататын адамдарды ПОС терминалдар құруға шақырамыз»,- деді Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.
Аталған ПОС-терминалдар «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушысы компанияның өнімі. Оның ТМД елдерінде баламасы жоқ. Акция қорытындысы бойынша сарапшылар қалалық бюджетке түсетін салық көлемінің артатынын айтады. Өйткені, нарықтағы бұл төлемдер ашық түрде жүргізіледі.