Алматыда танымал энергетикалық сусын қолдан жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда танымал энергетикалық сусын қолдан жасалған. Мұны облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары анықтады. Белгілі болғаны - күдіктілер Шаңырақ ықшам ауданынан астыртын цех ашып, танымал сусынды әзірлеп келген. Олар қарапайым лимонадқа қоспалар қосып, энергетикалық сусынды арзан бағада сатқан екен. Нарықтағы құны 200 теңге болатын шөл қандырғышты олар 160 теңгеден саудалапты. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттардың барлығы тәркіленді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20
Президент ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, міндеттер жүктеді
16.11.2026 12:20
Әуезов ауданында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылды
16.11.2026 10:00