Ақ халаттыларды енді арнаулы адамдар жасырын тексермек

Ақ халаттыларды енді арнаулы адамдар жасырын тексермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Араны ашылған ақ халаттыларды енді арнаулы адамдар жасырын тексереді. Жемқорлыққа қарсы күрес мамандары «жасырын сатып алушы» тобын құрып, дәрігерлердің қабылдауында болады. Олар медиктердің жұмыс тәртібін тексеріп, пара алуды көксегендерді оқиға орнында тұтқындамақ. Жаңа жоба - медицина саласындағы парақорлықты жоюды көксейді.    

«Жасырын сатып алушы» мамандары мемлекеттік қызмет көрсету барысын сырттан бақылап жүреді. Кейде, өзі де азамат ретінде қызметті қолданады. Егер күмән тудыратын әрекетті байқап жатса, бірден телефонына түсіріп алады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шара», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысының мінтедін атқарушы Геннадий ДАНИЯРОВ.


Новости партнеров