Алматыда тұңғыш президент қорында жас суретшілердің көрмесі ашылды. Мұнда 18 бен 35 жас аралығындағы қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Көрмеде түрлі жанрдағы, тақырыптағы картиналарды кездестіруге болады. Оның ішінде танымал суретшілердің жоғары бағасын алғандар марапатталды. Соның бірі Алмас Нұрғожаев.
«Осы 100*100 көрмесінде менің 3 жұмысым қатысып отыр. Бірінші жұмыс ол бабалар ізімен, екіншісі жолаушы, үшіншісі мұрагер. Осы менің шығармашылығымда жалпы көшпенділердің рухын көрсеткім келді»,- деді Суретші, Алмас НҰРҒОЖАЕВ.
Мұнда көпшілік назарына республиканың әр өңірінен 50-ге жуық еңбек ұсынылған. Жалпы, көрмеге қатысуға 80-ге жуық суретші ниет танытыпты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай көрмені шетелде де ұйымдастыруды көздеп отыр.
«Көрмеміздің аты 100*100. Мен заманымның куәгерімін. Бұл көрмеміздің тақырыбы. Мен заманымның куәгерімін деген жас буын осы Тәуелсіздігімізді қалай түсінеді. Қаншалықты бағалайды және қылқалам ұшымен осыны қалай суреттейді. Соны көргіміз келді»,- ҚР жас суретшілер одағының құрылтайшысы, Мақсат ӘЛИЕВ.