Алматыдағы №7 аурухана медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатты

Алматыдағы №7 аурухана медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №7 аурухана медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылатты.  Күрделі жөндеуден өткен аурухана заманауи медициналық жабдықтармен толықты. Денсаулық сақтау мекемесінде пневмо пошта жүйесі енгізілді. Бұл шұғыл жағдайда дәрігерлердің тез арада ем көрсетуіне ықпал етпек. Сондай-ақ нейрохирургиялық операцияларды орындауда аурухана жаңа құрылғымен толықты. Ота жасау микроскопы арқылы бүгінде ең ауыр деген оталар жасалуда.

Биыл 7-ші қалалық аурухана озық медициналық құрал жабдықтармен толықты. Мұнда кардиологиялық бөлім мен миокард инфаркты кезінде шұғыл көмек көрсететін орталық ашылды. Полижарақат бөлімі де жанданған. Енді сынықтар кезінде науқастарға жедел түрде көмек көрсетіліп, заманауи импланттар орнатылады. Одан бөлек, емдеу мекемесінде күнделікті стендтеу жасауға және кардиостимуляторлар қондыруға мүмкіндік беретін аппарат - ангиограф іске қосылған.  

«Бірден қабылдау бөлімінен операциялық бөлімнен алып келді. Одан кейін реанимация өткізді. Жағдайым жақсы. Дәрігерлерге рахмет. Әйтеуір осы кардиологтардың арқасында аман жүрміз», - деді Бектай АХМЕТОВ.

Ауруханада, сондай-ақ хирургиялық аспаптарды зарарсыздандыратын аппарат жұмыс істейді. Енді дәрігерлер құрал-саймандарды өздері жуып әлек болмайды. Бұл мамандардың  ота жасауға кететін уақытын үнемдейді. Ота жасауға арналған компьютерлік томографтың көмегімен қазірдің өзінде денсаулық сақтау мекемесінде 30-ға жуық ота сәтті жасалған. Осы кунге дейін қалалық ауруханада 169 бүйрек пен 17 бауыр ауыстырылып отырғызылды. Тағы бір жаңашылдық, мұнда тіпті тікұшақ алаңы да бар.

«ТМД-да жоқ аппарат - интероперационно-компьютерный тамограф дейміз. Операция жүріп жатқан уақытта нейрохирургтар және травматолог-ортопедтер ота жасау уақытында ешқандай қиындықсыз алдыңызда тұрған аппараттың көмегімен операция уақытын қысқартуға және сапасын жақсартуға көмектесіп отыр», - деді Алматы қаласы №7 қалалық ауруханасы ота жасау бөлімінің меңгерушісі Қуаныш БАЙКӨБЕСОВ.

«Ауруханамыз 680 орынға ыңғайланған, 23 клиникалық бөліміміз бар. Жылына 70 мың науқасты қабылдаймыз. Олардың 20 мыңы ауруханаға жатқызылады. Жыл сайын мұнда 8 мыңға жуық ота жасалады. Одан бөлек аурухана пневмо пошта жүйесімен қамтылған», - деді Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Ануар АМАНОВ.

№7 қалалық ауруханасына науқастар ем іздеп Болгариядан, Үндістаннан, Қытайдан, Греция және Корей елінен келіп жатады. Бүгін денсаулық сақтау орны міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайын. Бұл емделушінің өзі таңдаған емдеу мекемесінен қаралуына мүмкіндік береді.

Сая Меңдеке, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров