Алматыдағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары қала күні қарсаңында аяқталады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары қала күні қарсаңында толықтай аяқталады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қабанбай батыр мен Панфилов, Жібек жолы мен Гоголь көшелерін және «Астана» алаңының абаттандырылу барысын тексерді. Қазір мұнда суару, кабель желілері тартылған. Құрғақ субұрқақ қондырғысы да қойылған. Ғимараттардың сыртқы келбеті мен кіре берістері жаңартылған. ал күзде қайың, терек және басқа да ағаштар отырғызылады. Қалада бас-аяғы 330 мыңнан астам шаршы метр аумақ көгалдандырылмақ. Одан өзге,  биыл 26 шақырым жүргіншілер жолы реттеледі. Сондай-ақ, қала әкімі жылу желілерінің қайта жөндеу барысын да тексерді. Мердігер мекемелерге құрылыс аяқталған соң абаттандыру керектігі қадап айтылды. айта кетейік, жаңа жылу маусымына дейін 32 шақырым жүйе жөнделеді. Оған қоса, 300 шақырымға жуық жаңа су желілері қосылып, 35 мың үй тіршілік нәрінің орталық жүйесіне қосылады. Сондай-ақ, абай даңғылы бойындағы есентай өзені арқылы өтетін екі бағыттағы көлік қозғалысы бар көпір 25-ші қыркүйек күні пайдалануға беріледі. Әзір өткелдің солтүстік бөлігінде жұмыс аяқталған.



Новости партнеров