Алматыдағы индустриалды аймаққа шет елдік инвесторлар өндірісін ашуға ниетті

Алматыдағы индустриалды аймаққа шет елдік инвесторлар өндірісін ашуға ниетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы индустриалды аймаққа шет елдік және қазақстандық инвесторлар өндірісін кеңінен ашуға ниет білдіруде. Заңды тұлғалардың жоғары қызығушылығы бизнес жүргізудің тиімді шарттары мен инфрақұрылым құрылысының толық аяқталып қалуымен байланысты дейді Алматы Индустриалды аймақ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Әділ Бөрлібаев.

«Индустриалды аймақ аумағында қазір құны 170 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба іске асырылуда. Бұл шамамен 190 гектар жер. Бүгінде барлық аумақтың 70 пайызы игерілген. Жобалар 6 салада жүзеге асырылады. Оның ішінде тамақ өндірісі басымдыққа ие. Алдағы уақытта көлік құрылысы мен фармацевтика да іске асырылса деген ойымыз бар», - деді «Алматы-индустриалды аймақ» ЖШС бас директоры Әділ БӨРЛІБАЕВ.


Индустриалды аймақ өндіріс орындарын қала сыртына шығаруға бағытталған. Тіпті кей зауыттар жаңа орынға орналастырылып та үлгерген. Алатау ауданында соңғы тоғыз айда өндіріс көлемі 47,8 миллиард теңгені құрады. Жалпы ауданда 280 сауда нысаны жұмыс істейді. Соның ішінде 11 базар және 8 сауда орталығы бар. 



Новости партнеров