Алматыдағы су тасу қаупі бар аймақтар саны 40 пайызға төмендеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы су тасу қаупі бар аймақтар саны 40 пайызға төмендеді. 2017 жылы анықталған 67 селге төтеп бере алмайтын аумақтың отызында қазір қауіп жойылған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібековтің берген мәліметі бойынша, Алматы аумағында 36 моренді көл бар. Олардың 17-сі бұзылу қаупі бар көл ретінде белгіленіпті. Ал биыл департаменттің  ұсынысы негізінде жергілікті қазынадан Үлкен Алматы өзенінің арнасын тұрақтандыру бойынша жобалық сметалық құжатты дайындау үшін 36 миллион 700 мың теңге қарастырылған. Тиісті шаралар жүзеге асса, ұзындығы 3 жарым шақырым болатын аралық жөнделеді.

«Өткен жылы 4 көлді толықтай босаттық. Ал қалған көлдердегі су деңгейін 2 метрден 9 метрге дейін түсірдік. Күн сайын су деңгейі біздің жіті назарымызда. Жалпы сел қаупі жоғары маусымда 7 миллион 700 мың текше метр су тастадық. Өткен жылы бұл көрсеткіш 6 миллион 900 мың текше метр болған еді», - деді Алматы қаласы ТЖД басшысының орынбасары Ерлан ӘЛІБЕКОВ.


Новости партнеров