Алматылық дәрігерлердің жұмысына тұрғындардың көңілі толмауда

Алматылық дәрігерлердің жұмысына  тұрғындардың көңілі толмауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының медицина қызметкерлері түрлі сылтау айтып, тұрғындарды емханаға бекітуден бас тартқан. Әрі, тегін дәрі алуға құқылы адамдарға препараттар бермеген. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласындағы департаментінің өкілдері мәлімдеді. Департамент қызметкерлерінің айтуынша,  Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасына 2000-нан астам адамнан шағым түсіпті. Оның 600-і дәрігерлердің немқұрайлы әрекетіне ашынғандардан екен. Тұрғындар, әсіресе, ақ халаттылардың қызмет көрсету талаптарын бұзып, оларды қалаған емханаларына тіркемегенін айтқан. Шағым түскен емханалардың барлығын жасырын тексеріп шығып,  департамент қызметкерлері кемшіліктерді жіпке тізді.

«Біз емханалардың өз науқастары туралы толыққанды мәлімет білмейтінін анықтадық. Яғни, кімнің тегін дәрі алуға құқылы екенінен хабарсыз болып шықты. Сондықтан  біз оларға олқылықтарды реттеуге 1 ай уақыт бердік. Олар науқастардың ақпарат базасын құруы тиіс. Және емхана ішін қажетті ақпараттық тақтайшалармен жабдықтауы керек. Тұрғындар емханаға келгенде барлық ақпарат көз алдында тұруы шарт. Сондай-ақ  кей емханаларда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмағанын анықтадық. Олар бойынша да тапсырмалар берілді», -деді Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Шынар ӘЛІМХАНОВА


Новости партнеров