Алматылық тұрғын келісімсіз ақпарат берген банкті сотқа бермек

Алматылық тұрғын келісімсіз ақпарат берген банкті сотқа бермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық Анна Иваненко өзі туралы ақпаратты келісімсіз берген банкті сотқа бермек. Онымен қоймай, халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе Нұрбанктен құны қомақты моральдық шығын өндіріп алмақ. Қазір ол қорғаушысымен бірге Ұлттық банкке шағым түсіруге дайындалуда. Оның айтуынша, кеңейтілген несие тарихын алдыртқан банк әзірге келіншекке тұщымды жауап бере алмапты. Қаржы мекемесінің қызметкерлері Аннаның төлқұжат көшірмесімен бөтен адамның құны қымбат техниканы несиеге рәсімдемек болғанын айтқан. Бірақ күдіктенген менеджер оған сенбей, бермепті-мыс. Ал, ойы сан сақта жүрген келіншек бұл істе танысының да қатысы бар болуы мүмкін деп ойлайды. Дегенмен, мәселенің ақ қарасын құқық қорғау орындары анықтасын деп отыр.

«Тек тергеу тобы іске араласқан соң кімнің қандай әрекет еткені анықталатын шығар. Әйтпесе барлығы түсініксіз болып кетті. Қазір мен жұмыс істеуді қойдым. Күнде банкке барып, мәселені анықтап жүрмін. Өмірімнің қауіпсіздігі үшін алаңдаймын. Сондықтан, моральды шығын өндіруді көздеп жүрмін. Бірақ нақты соммасы әлі белгісіз», - деді Анна ИВАНЕНКО.

Еске сала кетейік, қазан айында алматылық келіншек өзінің келісімінсіз халыққа қызмет көрсету орталығынан жеке деректер алынды деп шу шығарған. Бұл дерек расталып, қателік жіберген қызметкер мен бөлім басшысы және білдей филиал басшысы қызметінен босатылған болатын. Кейін осы анықтамаларды сұратқан бағалау компаниясы мен банктің де қатысы бары анықталыпты. Қазір жеке басына қатысты анықтамалары оңды-солды шашылған келіншек осы дерек бойынша екі бөлек шағым түсірді. Іс құқық қорғау органдарында тіркеліп, тергеліп жатыр.


Новости партнеров