Елбасына латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасына латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды. Жобаны әзірлеушілер бұл жолы диграфтардың орнына ноқат белгілері бар таңбаларды тізіпті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің назарына ұсынылған нұсқада 32 әріп бар. Онда төл таңбалардың барлығы ескерілген. Тіл білімінің мамандары жаңа әліпбиді әзірлеу кезінде қоғам пікірін ескердік, дейді. Әліпбидің түрленген түрімен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев жобаны шетелдік тәжірибиеге сүйене отырып жасау керектігін айтты. Қазір бұл тақырыпқа өзіндік пікірін қосып жүрген қоғам белсенділері көп. Президент әкімшілігіне небәрі 1 айда 300-ден аса өтініш пен ұсыныс түскен екен. Елбасы әлемдегі ешбір мемлекет латын жазуын қолданысқа енгізерде халықпен бұлайша санаспағанын айтып, түпкілікті шешімді асықпай қабылдау керектігін ескертті. 


Новости партнеров