Алматылық зейнеткерлер жаңа технологияларды меңгермек

Алматылық зейнеткерлер жаңа технологияларды меңгермек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жақын арада Алматы көшелерінен Skype арқылы тілдесіп, WhatsApp-пен емін-жарқын сөйлесіп бара жатқан қарияларды көрсеңіз таң қалмаңыз. 2 сәуірден бастап мегаполисте зейнеткерлерге жаңа технологияларды үйрететін тегін курстар жұмысын бастайды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «E-nsionery» жобаcына қаладағы ЖОО мен колледждер жұмылдырылуда. Бүгінде көптеген мемлекеттік қызметтер онлайн режимге көшуіне байланысты аға-буын әлеуметтік-экономикалық процесстен қалыс қалып қоюда. Енді егде жастағылар да өз бетінше смартфондар мен компьютерлік бағдарламаларды қолдануды үйренеді. Бас партия мен оқу орындары бірлесе отырып әзірлеген бағдарлама да дайын.

«Біз өз көмегімізді көрсете отыра, осы зейнеткерлерге арнайы курстарды, бағдарламаны орындай отыра, көмек көрсету және де бүгінгі  күні Алматы «Смарт» қала дегенге сай болу үшін елімізді барынша «цифрлы Қазақстанға» сай болсын деп осы бағдарлама аясында жұмыс істеудеміз», - деді Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі директорының орынбасары Маржан МӘЛІКОВА.

Жобаға қатысушылар интернет ресурстармен танысудан бастап ғаламторға қосылуды, ақпарат іздеуді, электоронды пошта ашып, әлеуметтік желілерде тіркелуге дейін үйренеді. Және ең қажетті қызметтің бірі- коммуналдық төлемдерді онлайн төлеу тәсілін меңгереді. Айта кетейік, бұл жобаға тек зейнеткерлер емес, жасы 50-ден асқандар да қатыса алады. Екі тілде жүретін оқыту курстары 2-сәуірден басталады. 2 айлық курс аяқталған соң арнайы сертификат табысталады.


Новости партнеров