«Саxнагер-2018» ұлттық театр сыйлығы табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сахна саңлақтарының еңбектері еленді. «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығы өз ісінің тіс қаққан мамандарына ғана беріледі. Үздіктердің үздігін Қазақстан театрлары қауымдастығы таңдаған. Жалпы жүлдеден дәмесі бар 26 театр ұжымы қатысуға ниет білдіріпті. Он жеті номинацияны қамтыған «Сахнагер-2018» жүлдесі осымен екінші рет өткізіліп отыр. Жаңадан «қуыршақ театрының үздік әртісі» номинациясы тағайындалса, жас әртістер үшін арнайы «Үміт» сыйлығы қарастырылған.    

«Мен ойлаймын, осы «Сахнагер» сыйлығы, өз кезегінде, біздің әртістерімізге, өнер адамдарына бір көрнекті қайраткер болуға жетелейтін, өзінің кәсіби шеберлігін одан сайын шыңдайтын, бір керемет шығармашылық импульс беретін сыйлық болады деген ойдамын. Мысалға, осы жолы енді айта берейін, драматургтардың ішінде «үздік драматург» Иран Ғайып болайын деп жатыр. Қазіргі уақытта Иран Ғайып елімізде көп қойылып жүр», - деді  «Қазақстан театрлары қауымдастығының» вице-президенті Асхат МАЕМИРОВ.



Новости партнеров