Алматылықтар жарық пен судан қағылуда

Алматылықтар жарық пен судан қағылуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар жарық пен судан қағылып жатыр. Жауапты мекеме олардың берешек көлемі 3 миллиард теңгеге жуықтады деп отыр. Тексеруші топ жылу маусымы қарсаңында қарызға белшесінен батқандардың құбырларын бітеп, қайтара айыппұл салды.                                

¤¤Тосыннан келген тексерісті аса жақтыра қоймаған тұрғындардың арасында қарызы барын тіпті білмейтіндері де бар екен. Бірі қожайын емес екендігін айтса, енді бірі жалдамалы пәтерде тұратынын айтып, шыр-пыр болды. "Ақсай-4" шағын ауданындағы мына пәтердің ыстық суы бұған дейін де қарызы болғандықтан өшіріліпті. Бірақ суды өздері қайта қосып алғанға ұқсайды.

¤«Тұрғынның 200 мың теңгеден аса қарызы бар. Бүгінгі тексеріс кезінде бұған дейін ыстық суға орнатылған бітеме шешіліп алынған. Демек, құбырға өз еркімен қосылып отыр», - деді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС инженері Қарлығаш СЕЙТЖАНОВА.

¤Енді борышкер қарызынан бөлек, суды қайта қосып алғаны үшін де айыппұл төлеуге мәжбүр. Егер оған жағдайы келмесе, қарыз соммасын белгілі бір уақыт аралығында бөліп өтеуіне мүмкіндігі бар. ¤¤

Бүгін мобильді топ бір күнде онға жуық пәтерді аралап шықты. Қарсы алғандардың дені  үйдің қожайыны емес екендіктерін айтып, сұрақтардан жалтаруға тырысып бақты.¤

¤Берешегі барын біле тұра төлем жасамайтын тұрғындар да көп. Олар мұны әр түрлі себептермен байланыстырады.

¤¤Бұл тұрғындарға қарыздарын төлемейінше енді коммуналды жүйеге қосылу оңайға соқпайды. Қазір Әуезов ауданында 40-қа жуық шағын аудан орналасқан. Ондағы жұрттың 30 пайызында жарыққа, жылу жүйесі мен ыстық суға, газ бен кәрізге төленетін үш айдан асқан қарыз ақысы бар.

¤«Әуезов ауданы бойынша дебиторлық қарыздар бойынша 452 миллион теңгені құрайды. Алдыңғы аймен салыстырған кезде 5,6 пайызға төмендеді қарыздар. Қазіргі уақытта сол 452 млн-ды түсіру қазіргі жылу беру мерзіміне дейін рейдтар жалғасады», - деді Әуезов ауданы коммуналды-шаруашылық бөлімінің бас маманы¤ Азат КӘКЕТАЕВ.

Былтыр аудан бойынша борышкерлердің берешегі 540 миллионға жуықтаған болса, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 50 пайызға төмендепті. Ал биыл жыл басынан бері коммуналды қызметтерге төленетін қаржы 452 млн теңгеден асқан. Бұл тек бір аудандағы ақпар. Жалпы қала бойынша қарыз көлемі 2 млрд. 843 млн теңгені құрап отыр. Аталмыш рейдтер әр аудан бойынша бір ай көлемінде жалғасатын болады.

Назкен Байтілес, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров