Алматылықтар саны 1 млн 800 мыңнан асты

Алматылықтар саны 1 млн 800 мыңнан асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар саны бір миллион сегіз жүз мың адамнан  асты. Халық саны бойынша  Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін тұр. Бұл туралы Статистика департаменті хабарлады. Қалада халықтың өсімі өткен жылы 50 мың адамнан асқан. Миграциялық өсім 7 пайызды көрсетуде.  Алматы инвестиция бойынша да тартымды қала. Өткен жылы негізгі капиталға тартылған қаржы көлемі 640 миллиард теңгені құраса, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. Құрылыс нарығы да қарыштап дамып келеді. 2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3 пайызға артып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына сеп болды. Жұмыссыздар көлемі әзірге 50 мың адамды құраса, өз-өзін қамтығандар шамамен 70 мыңға жеткен.

«Ел көлемінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көбісі ауылшаруашылығы дамыған өңірлерде. Ал Алматыда ауылшаруашылығының үлесі аздау. Негізгі сала жалданып жұмыс істеушілерге тиесілі. 92 пайызды құрайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7,7 пайызға тең», - деді Алматы қаласы Статистика департаментінің басшысы Бағлан ҚАРҒҰЛОВ.



Новости партнеров